banner

Ресей "санкциялық" тауарларды транзитпен тасымалдаудың қағидаларын бекітті

694

Украинадан тасымалданатын жүкке, сонымен қатар үшінші елдерден Украина арқылы Қазақстанға транзитпен жүретін тасымалдауларға қойылған тыйым күшін жойды.

Ресей "санкциялық" тауарларды транзитпен тасымалдаудың қағидаларын бекітті

"Атамекен" ҚР ҰКП кәсіпкерлердің назарына: Ресей Федерациясы Үкіметінің "2019 жылғы 27 желтоқсандағы "Ресей Федерациясы Президентінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 290 "Ресей Федерациясы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы" Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" №1877 қаулысымен Ресей арқылы халықаралық автомобиль және теміржол тасымалдаулардың қағидалары, шекара арқылы өткізу пунктерінің тізімі, есептік талондардың қағидалары, қозғалғыш состав, электронды навигациялық пломбаларға талаптар бекітілгенін хабарлайды.

 Ресей қабылдаған нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес Украинадан тасымалданатын жүкке, сонымен қатар үшінші елдерден Украина арқылы Қазақстанға транзитпен жүретін тасымалдауларға қойылған тыйым күшін жойды.

"Атамекен" ҚР ҰКП Логистика және тасымалдау департаментінің директоры Мұрат Әмриннің хабарлауынша, тасымалдаушы шекарадан өткенге дейін екі сағат бұрын пломбалау операторына тасымал туралы мәліметтерді беруі керек. Сонымен қатар жолға шығу кезінде ресейлік кеден органдарын пломбаны қолданғаны жайында ақпараттандыруы қажет.

 Айта кетелік, электронды навигациялық пломбаны орнатуға мүмкіндік беру керек. Пломба қойылған соң РФ мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктінен немесе стационарлық, не көшпелі бақылау пунктінен есептік талонды алу қажет. Талон өкілетті органың жеке қолы және мөрімен және Көлік саласындағы қадағалау жөніндегі федералды қызметімен рәсімделеді.

 "Егер тасымалдаудың аталған қағидалары орындалмаған жағдайда тасымалдаушы тауарды Ресей территориясынан дереу қайтадан шығаруы тиіс. Навигациялық пломбаны бұзу немесе санкциялық емес ашу анықталған жағдайда РФ заңнамасына сәйкес шаралар қолданылады", – деп атап өтті Мұрат Әмрин.

 Осы ретте қазіргі таңда қабылданған нормативтік-құқықтық актілердің іске асырылуы мерзімі белгісіз, өйткені Ресей территориясында навигациялық пломбаларды орнататын оператор әлі анықталмаған. Осыған байланысты Ұлттық палата РФ өкілетті органына егжей-тегжейлі ақпарат беруге байланысты сұратым жіберді.

Аталған мәселеге қатысты сұрақтар туындаса, "Атамекен" ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаментіне 8 (7172) 91-93-73; "Атамекен" ҚР ҰКП Логистика және тасымалдау департаментіне 8 (7172) 91-93-34 хабарласуды сұраймыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу