Ресей шет елдегі өз азаматтарын қорғау үшін әскерді қолдану құқығына ие екенін жариялады

2561

РФ сенаторы "Ресей ешқашан ешкімге бірінші болып шабуыл жасамады" деген мәлімдеме жасады.

Ресей шет елдегі өз азаматтарын қорғау үшін әскерді қолдану құқығына ие екенін жариялады

Ресей Украинаға бірінші болып шабуыл жасауды жоспарлап отырған жоқ, бірақ егер шет елдердегі азаматтарына шабуыл қаупі төнсе, оларды қорғау үшін әскерді қолдануға құқылы. Федерация кеңесінің вице-спикері Константин Косачев осылай деді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Оның айтуынша, 2008 жылы Оңтүстік Осетиядағы қақтығыстан кейін "Қорғаныс туралы" федералды заңға түзетулер енгізілді. Ол құжат бойынша Ресей Федерациясы өз Қарулы Күштерін шет елдерде қолдана алады.

Сенатор "Ресей ешқашан ешкімге бірінші болып шабуыл жасамады", бірақ Украина Донецк және Луганск облыстарындағы мәселелерді күш қолдану арқылы шешуге тырысуы мүмкін деген мәлімдеме жасады.

Бұған дейін Федерация Кеңесінің спикері Валентина Матвиенко Мәскеудің Украинаға шабуыл жасау туралы жоспарының жоқ екенін айтқан болатын. Оның сөзіне сенсек, елдің басшылығы да, украиндарды бауырлас халық деп санайтын ресейліктердің 80%-ы осындай пікірде.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу