Ресей Сібірдегі өзендердің арнасын Қазақстан мен Өзбекстанға бұруы мүмкін

311

Сібір өзендерін Орталық Азияға бағыттау идеясы бұрыннан айтылып келеді.  

Ресей Сібірдегі өзендердің арнасын Қазақстан мен Өзбекстанға бұруы мүмкін Фото: fergana.agency

Ресейлік академиктер РФ Білім және ғылым министріне Сібір өзендерінің бір бөлігін Қазақстан мен Өзбекстанға бұру мәселесіне қатысты ғылыми жобаларды қаржыландыруды сұрады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өткен ғасырдың 1970-жылдары кеңестік кезеңде жүзеге асыруға талпыныс болған. Алайда қазір бұрынғыдай ашық арналарды қазғаннан гөрі Қазақстан аумағы арқылы Обь өзенінен Өзбекстанға дейін магистральды су құбырын тарту жоспарланып отыр.

РБК мәліметінше, Ресей Ғылым академиясы кеңестік жобаның заманауи нұсқасын әзірлеуге кірісу туралы шешім қабылдаған.

"Ресей Ғылым академиясы Су проблемалары институтының ғылыми директоры Виктор Данилов Данильян РҒА Жер туралы ғылымдар бөлімі Обь өзенінің ағысын Өзбекстан бағытына бұруға қатысты жобаның ғылыми бөлігімен айналысатынын мәлімдеген. Ғалымдар министрлікке бұл бағыттағы зерттеулерді мемлекеттік жоспарға енгізіп, қаржыландыруды ұсынған", – деп жазды Forbes журналы.

Ресейлік сарапшылардың пайымдауынша, су тегін берілмейді. Дәл мұнай мен газ секілді сатады. Бұл – федерацияға жаңа табыс көзі.

Сарапшылар болашақта су мұнайдан да қымбат болуы мүмкін екенін айтып отыр. Бұл әуелі кейбір араб мемлекеттері үшін басты мәселеге айналуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу