Ресей Сирияға С-300 зениттік-зымырандық кешенін жеткізді

781

 Ресей бұл қадамға Ил-20 ұшағы атып түсірілген соң барып отыр.

Ресей Сирияға С-300 зениттік-зымырандық кешенін жеткізді

Бұл туралы Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлімдеді. Оның айтуынша, жүйемен бірге Сирия үкіметіне тағы 49 дана техника жіберілге, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл кешенді қолдану үшін сириялық әскерилер үш айға жалғасатын оқу-жаттығу жұмыстарын бастап кетті. Министрдің сөзінше, Сириядағы әуе шабуылынан қорғанудың ортақ жүйесі толығымен 20 қазан күні іске қосылады.

"Ресейлік әскери қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Сирия тарапымен бірге әуе шабуылынан қорғаныс жүйесін күшейтіп жатырмыз. Осы мақсатта Сирияға С-300 және 49 дана техниканы жеткіздік. Оның қатарында лазерлі радар, қорғаныс жүйелері, бақылау құралдары мен төрт зымыран ұшыру қондырғысы бар", - дейді  РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгу.

Еске сала кетейік, Ресей бұл қадамға Ил-20 ұшағы атып түсірілген соң барып отыр. 17 қыркүйек күні израильдік әскерилердің салғырттығы салдарынан сириялық әуе шабуылынан қорғаныс жүйесі ресейлік ұшақтың көзін жойды. Нәтижесінде 15 адам ажал құшты. Ресей қайғылы оқиғаға Израильді кінәләп, ресейлік әскерилерді қорғау үшін Сирияға С-300 жүйесін тасымалдау шешімін қабылдаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу