Ресей сириялық күрдтер үшін автономия құруды ұсынды

1346

Ресей сириялық күрдтер үшін автономия құруды ұсынды

Ресей тарапы сириялық қарулы оппозиция  мен үкімет делегацияларына ұсынған конституцияның толық мәтінінде Сирия аумағында мәртебесі жеке заңмен белгіленетін Күрд мәдени автономиясын  құру туралы айтылған, деп жазады РБК.

Құжаттың кейбір тұстары туралы РБК-ға сириялық оппозициядағы дереккөз мәлім етті.

Ол құжаттың бірінші бөлімінің төртінші бабын негізге алатын болса, онда курдтер автономиясының өзінің дербес билік органы болатынын атап көрсетіп отыр. Аталмыш бапта "Күрд мәдени автономиясының мемлекеттік органдары мен  мекемелері тең дәрежеде араб және күрд тілдерін қолданатын болады" деп жазылған.

Сирияның 2012 жылдан бері заң күші бар  конституциясында күрдтердің мәдени автономиясы туралы тармақ жоқ.  Ал 25 қаңтарда Астанада өткен келіссөздегі қарулы оппозиция делегациясына жақын өзге дереккөздің  айтуынша, түзетулер жобасында күрдтерге автономия беру туралы сөз болған.

РБК-ға  26 қаңтарда берілген мәтінде Сирия президенті екінші мәрте жеті жылдық мерзімге қайта сайлануы мүмкін екені айтылған.  Бұған дейін,  25 қаңтарда, "Интерфакстің" оппозициядағы дереккөзі президенттің өкілеттігін бір жыл мерзіммен шектеу ұсынылғанын хабарлады.

Елдің ресми атауын Сирия Араб Республикасының орнына  Сирия Республикасы деп атау туралы ұсынылып отыр. Президенттің мұсылман болуы туралы талап та алынып  тасталған. Сирияға сондай-ақ заң шығарушы органдар жүйесін жаңаша құру ұсынылып отыр. Конституцияда терроризмнің кез келген көрінісі жеке ережемен жазаланған.

Дегенмен, бейсенбі күні таңертең Bloobmerg хабарлағандай, сириялық оппозиция Астанадағы келіссөз кезінде Ресей ұсынған конституция жобасынан бас тартты.

"Біз оларға (орыстарға) Сирия конституциясын жазуға тек сирия халқы қақылы екенін айттық. Ирактағы Пол Бремердің тәжірибесі баршаға аян: өзге елдің жазып берген конституциясы жұмыс істей алмайды", – деді агенттікке телефон әңгімесі барысында көтерілісшілер делегациясының мүшесі Яхья аль-Ариди.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу