Ресей "Талибан" үкіметін қандай жағдайда мойындайтынын мәлімдеді

891

Кабулов Мәскеудің Ауғанстанға өз идеяларын міндеттемейтінін айтты. 

Ресей "Талибан" үкіметін қандай жағдайда мойындайтынын мәлімдеді

Ресей президентінің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі, Сыртқы істер министрлігіндегі Азияның екінші департаментінің директоры Замир Кабулов "Талибан" үкіметін (Ресей Федерациясында террористік ұйым деп танылған) қандай жағдайда мойындайтынын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, бұл үшін қазіргі билік этносаяси инклюзивті билік құрып, адам құқығын сақтауы қажет.

Дипломаттың сөзіне сенсек, Ауғанстан үкіметінде басқа этникалық топтардың өкілдері бар, бірақ олардың барлығы да "Талибан" қозғалысының мүшелері болып табылады. Кабулов әйелдердің жұмысқа тұру және басқа да азаматтық құқықтары сақталуы керектігін атап өтті.

Ведомство өкілі Мәскеудің Ауғанстанға өз идеяларын міндеттемейтінін, Ресей Ауғанстанның өзіндік мәдени және діни дәстүрлері барын түсінетінін алға тартты. 

Бұған дейін Кабулов тәліптердің елді басқару ісіндегі қабілетсіздігін атап өткен еді. Ол "Талибан" Ауғанстанды кадрлардың жетіспеушілігі салдарынан нашар басқаруда деген пікірде. Сонымен қатар Кабулов ауғанстандық мамандарды өз қызметіне қайтару қажет екенін мәлімдеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу