Ресей тарапы ОПЕК-пен келісімге келмеуінің себебін түсіндірді

1266

Бұл туралы ресейлік "Ведомости" басылымы Кремльдегі шенеунікке сілтеме жасай отырып мәлім етті.  

Ресей тарапы ОПЕК-пен келісімге келмеуінің себебін түсіндірді

"Келісімнен шыққан біз емес. Керісінше, оның сақталуын қолдап келеміз", - деді есімін жасырулы қалдыруын сұраған билік өкілі. Оның айтуынша, келісімнен шығару туралы шешімді Сауд Арабиясы қабылдапты.

Тағы бір ресейлік атқамінердің ойынша, саудиліктер коронавирус эпидемиясын пайдаланып, мұнай өндірісінің қысқаруынан келген шығынды ОПЕК-ке кірмейтін елдердің мойнына артып қойғысы келген екен. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Ресейдің энергетика министрі Александр Новак елдің ОПЕК+ келісімінен шықпақ болғанын жария еткен болатын. 

8 наурызда "Роснефть" компаниясының баспасөз хатшысы Михаил Леонтьев ОПЕК+ елдерінің келісімі Ресейге тиімсіз болғанын сөз еткен еді. Өйткені келісім мүшелеріне мұнай саласын дамытуға мүмкіндік болмаған көрінеді. 

6 наурызда ОПЕК+ пен оған мүше емес басқа өндірушілердің келіссөздері нәтижесіз өтті. Бұған Ресейдің шикізат өндірісін қысқартудан бас тартуы түрткі болған. Енді 1 сәуірден бастап құжатқа қолған қойған елдер міндеттемелерді орындауды тоқтатады, яғни мұнай өндірісін қысқартпайды.

Тараптардың мәмілеге келмеуінен "қара алтын"  құны кеше күрт арзандап, артынан әлемдік қор нарықтарындағы көрсеткіштер құлдырап кетті. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу