Ресей тарапынан СІМ-ге ешқандай өтініш түскен жоқ - А. Смадияров

975

ҰҚШҰ аясында әскери көмек беру сол ұйымның ереже-талаптарына, халықаралық заңнамаларға сай жүргізіледі. 

Ресей тарапынан СІМ-ге ешқандай өтініш түскен жоқ - А. Смадияров Фото: new times.kz

Бұл туралы Қазақстан СІМ Ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Ресейде "Вагнер" ЖӘК әскерилері бүлікшілік жасап, билікке қарсы шыққанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлескен еді. Осыған орай журналистер СІМ ресми өкіліне "ҰҚШҰ аясында көмек сұралды ма?" деген сауал қойды. 

"Екі президенттің арасында келіссөздер болғаны рас, бірақ олардың арасындағы әңгімеге қатысты біз ештеңе деп айта алмаймыз, бірақ СІМ тарапынан айтарым, бізге көмек беру туралы өтініш келіп түскен жоқ", - деді А. Смадияров. 

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазір болып жатқан оқиға Ресейдің ішкі мәселесі екенін атап өткенін еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу