Ресей, Түркия және Иран СІМ басшылары Мәскеуде бас қосты

751

Ресей, Түркия және Иран СІМ басшылары Мәскеуде бас қосты

Сириядағы ахуалды жақсарту мақсатында Түркия, Ресей және Иран елдерінің сыртқы істер министрлері Мәскеуде кезектен тыс кездесу өткізді, деп хабарлайды 24.kz.

Тараптар араб еліндегі зорлық-зомбылықты азайту үшін оқ атпау режимін сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар елдің аумақтық тұтастығын сақтай отырып, соғысты тек саяси-дипломатиялық жолмен шешу қажеттігі айтылды.

Сириядағы қауіпсіз аймақ құруға кепілгер болған үш мемлекеттің өкілдері 15 наурыз күні Астанада бас қосқан еді. Ол кезде тараптар қауіпсіз аймақ құру әрекеттерін жалғастыру туралы байламға келген болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Астана келіссөздерінің келесі раунды 14-15 мамырда өтетінін хабарлаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу