Ресей Түркияға екі өрт сөндіру ұшағын жіберді

499

Техника Измир және Мұғла қалаларындағы ірі өртті сөндіруге жұмылдырылады. 

Ресей Түркияға екі өрт сөндіру ұшағын жіберді Фото: aa.com.tr

Ресей Президенті Владимир Путиннің нұсқауымен Түркиядағы орман өртін сөндіру үшін екі ұшақ жіберілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі Түркияға елде орын алған орман өртімен күресуге көмектесу үшін екі be-200 амфибиялық ұшағын жіберді. Аталмыш ұшақтар өртті бақылау және анықтау үшін жердің көрінісін тарататын инфрақызыл жылу камераларымен жабдықталған.

Министрлікке тиесілі өрт сөндіру ұшағы Ресей Президенті Владимир Путиннің тапсырмасымен және Түркияның сұрауы бойынша Ростов-на-Донудағы Платов әуежайынан Түркияның Измир және Мұғла қалаларына жөнелтілді.
Бүгінде қатты ыстық салдарынан Түркияның бірнеше провинциясында орман өрті тіркелген. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу