Ресей тұтқында ұстаған 108 әйелді Украинаға қайтарды

444

Украина Президенті Владимир Зеленский Ресей тұтқынына түскен сарбаздарды босатуды үшін Қарулы күштерге көбірек тұтқындарды ұстауға тапсырды.

Ресей тұтқында ұстаған 108 әйелді Украинаға қайтарды Фото: Андрей Ермак телеграмынан

Мұндай шешімге Украина басшысы екі тараптың ең ірі тұтқындармен алмасу процесінен кейін келген. Барлығы 218 тұтқынмен алмасу жүріп, Украина тарапы 108 аруды елге қайтарды.

"Мен осы жетістікке септігін тигізгендердің барлығына алғыс айтамын. Жауларымызды ұстап, айырбастау қорын толықтырып жүрген жандарға ерекше алғысымды білдіремін", – деді ол кешкі үндеуінде.

"Бізде ресейлік тұтқындар неғұрлым көп болса, соғұрлым біз сарбаздарымызды тезірек босата аламыз. Мұны әрбір украиналық сарбаз, әрбір майдангер есте ұстауы керек", – Зеленский.

Украина Президенті Кеңсесінің басшысы Андрей Ермак босатылған әйелдердің арасында 12 бейбіт тұрғынның болғанын айтты. Жалпы соңғы тұтқындармен алмасу тек аруларды босатумен ерекшеленгенін атап өтті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу