Ресей Украинада қаза тапқан әскерилердің туыстары туралы деректі шектеуі мүмкін

602

Кейбір өңірлердегі билік өкілдері ғана қаза тапқандар туралы мәліметтерді ашық хабарлауда.

Ресей Украинада қаза тапқан әскерилердің туыстары туралы деректі шектеуі мүмкін

Ресей билігі Украинада қаза тапқан әскерилердің туыстары туралы деректерді шектемек, деп хабарлайды inbusiness.kz BBC сайтына сілтеме жасап. 

Ескере кететін жайт, қаза тапқан әскери қызметкерлер туралы деректер 2015 жылдан бері құпия түрде сақталады. Олардың отбасы мүшелеріне берілетін жеңілдіктерді, яғни зейнетақыны, тұрғын үйді, коммуналдық шаруашылық төлемдерді немесе санаторий жолдамаларын азаматтық шенеуніктер рәсімдейді. Олардың ата-аналары мен жұбайларының есімдері арнайы кітапқа енгізіп отырады.

Елдің Қорғаныс министрлігі Украинада ажал құшқандардың туыстары үшін ерекше тәртіп енгізіп, жеңілдіктерді рәсімдеуді әскери комиссариаттарға тапсыруды ұсынып отыр. Осылайша оларға қатысты деректер қолжетімсіз болуы мүмкін.

Ресейдің Қорғаныс министрлігі Украинада қаза тапқан әскери қызметкерлердің есімін ресми түрде жариялап отырған жоқ. Тек кейбір өңірлердегі билік өкілдері ғана олар туралы мәліметтерді ашық хабарлауда.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу