Ресей Украинаға тағы да қолайсыз шарттар қоюда

165

Ыстанбұлда Украинамен өткен келіссөзде Ресей өзінің негізгі талаптарын айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ресей Украинаға тағы да қолайсыз шарттар қоюда Фото: Риа

Мәскеудің негізгі шарттары мыналарды қамтиды:

1. Украинаның бейтарап мәртебесі. Киев Аустриядағыдай бейтараптық үлгісін ұстанып, өз территориясына шетелдік әскерлер мен жаппай қырып-жою қаруын орналастырудан бас тартуы керек.

2. Репарациядан бас тарту. Екі тарап жанжал кезінде келтірілген зиянды өтеу туралы өзара талаптардан бас тартуға міндеттенеді.

3. Орыс тілді халықтың құқығын қорғау. Украина ұлттық азшылықтың құқықтарын қорғаудың еуропалық стандарттарын қабылдауы және "ұлтшылдық насихат" деп мәлімдегенді тоқтатуы керек.

4. Территорияны мойындау. Киев Ресейдің бес аймақтағы егемендігін мойындауы керек: Донецк, Луганск, Херсон, Запорожье және Қырым. Мәскеу де бұл аумақтық өзгерістерді халықаралық мойындауды талап етеді.

5.Тез арада атысты тоқтату. Украина Ресей өз юрисдикциясының бір бөлігі деп санайтын барлық аумақтардан әскерін шығаруы керек.

Ыстанбұлдағы келіссөз Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығыс аясында өтіп жатыр. Украин тарапы айтылған талаптарға әлі ресми жауап берген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу