АҚШ: Ресей Украинамен шекарадағы әскерилерінің санын арттыруда

679

АҚШ Ресейді әр қадамын ашық түрде жасауға шақырды.

АҚШ: Ресей Украинамен шекарадағы әскерилерінің санын арттыруда

Ресей билігі Украинамен арадағы шекарада өз әскерилерінің санын арттыруда. Пентагонның ресми өкілі Джон Кирби кезекті брифинг барысында осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Біз сол маңдағы қозғалыстарға куә болып отырмыз, ресейлік күштердің саны артып жатыр", – деді АҚШ Қорғаныс министрлігінің өкілі.

Оның айтуынша, аралас бөлімшелер Украина шекарасына жақын жерге жиналып жатқан көрінеді. Кирби Вашингтон Ресейдің бұл әрекеттерін бақылып отырғанын мәлімдеді.  

АҚШ Ресейді әр қадамын ашық түрде жасауға шақырды.

Бұған дейін Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Украинамен арадағы шекарада әскерилер саны көбейтіліп жатырған жоқ деп жариялады. Кремльдің өкілі Дмитрий Песков Ресейдің ешкімге ешқандай шабуыл жасамайтынын, мұндай әрекетке дайындалып жатпағанын және дайындалмайтынын айтқан болатын.

Табиғат Нұрболат

Фото: president.gov.ua

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу