Ресей, Үндістан мен Қытай үшжақты Министрлер кездесуін өткізбек

852

Министрлік деңгейінде Ресей — Үндістан — Қытай (РҮҚ) форматындағы кездесу осы жылы өтуі мүмкін. 

Ресей, Үндістан мен Қытай үшжақты Министрлер кездесуін өткізбек Фото: cdn.iz.ru

Бұл туралы Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Райсин диалогы" халықаралық саясаттану конференциясында мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz.

"РҮҚ үштігі жұмысын жалғастырады. Біз өткен жылы кездескенбіз және биыл министрлік деңгейінде кездесу өткізуге ниеттіміз", — деп атап өтті Лавров.

Үш елдің экономика, сауда әрі технологиялар саласындағы сарапшылары, талдау орталықтарының өкілдері де үнемі кездесіп тұрады, деді Лавров.

"Олар осы көктемде кездесуі керек еді, бірақ біздің үнділік әріптестеріміз кездесу уақытын ауыстыруды сұрады", - деп қосты ол.

Мәскеудің Пекинмен және Нью-Делимен қарым-қатынасы туралы айта отырып, Қытаймен де, Үндістанмен де Ресейдің "тамаша қарым-қатынаста" екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу