Новосибирск – Махачкала бағыты бойынша ұшқан S7 әуе компаниясының ұшағы техникалық ақауға байланысты Омбыға аман-есен қонды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Риа Новости" агенттігіне сілтеме жасап.
"S7 7099 Новосибирск – Махачкала рейсін орындаған ұшақ Омбы әуежайына аман-есен қонды. Рейстің әрі қарай орындалуы туралы ақпарат кейінірек жарияланады", – деп хабарлады компания.
ТАСС агенттігінің жазуынша, Новосибирск – Махачкала бағытындағы S7 7099 рейсі Қазақстан аспанында "7700" апаттық дабыл белгісін берген. Flightradar сервисінің дерегінше, әуе көлігі Көкшетауға жақын маңда кері бұрылған. Экипаж техникалық ақауға байланысты Омбы әуежайына қону туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.