Ресей Венесуэладан қаңтар айында жіберген әскерін шығарды

786

Келісімшарттағы әскери қызметкерлерге Венесуэла үкіметінің төлейтін ақшасы жоқ. 

Ресей Венесуэладан қаңтар айында жіберген әскерін шығарды

The Wall Street Journal-дың мәліметінше, бірінші жартыжылдықта Мәскеудің мыңға жуық әскері Каракастағы сарбаздарды дайындап, орнатылған келісімшарт негізінде міндеттерін атқарған. Бірақ екеуара жасалған келісім едәуір шығын әкелген. Себебі, келісімшарттағы әскери қызметкерлерге Венесуэла үкіметінің төлейтін ақшасы жоқ. Осылайша Мәскеу Каракаспен серіктес болудан бас тартты, деп хабарлайды Atameken Business.

Тіпті, "Калашников" зауытын салу туралы мәміле бұзылды. Ресей қорғаныс министрлігінің бюджеті бойынша, заңға өзгеріс енгізіп, шығыс мөлшерін 4 млрд рубльге азайтты.

Жалпы Николас Мадуроны биліктен аластатуға қатысты болған жаппай наразылықтан қорғау мақсатында Мәскеу соңғы 12 жылда 17 млрд  доллар қаражат шығындаған.

"Жалпы өзге елдің ішкі саясатына араласу жақсылыққа апармайды. Мысалы Ливия мен Иракта не болып жатқанын көзіміз көріп отыр. Мендегі бар ақпарат бойынша АҚШ-тың одақтастары да мұндай араласуды қолдамайды. Біз осы уақытқа дейін "әскери техникалық ынтымақтастық"келісімі бойынша міндетімізді атқардық. Солай жалғаса береді",– деді РФ басшысы Владимир Путин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу