Ресей Ыстамбұл келісімдеріне қайта оралуға дайын – Путин

301

Бұл туралы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин үкімет мүшелерімен өткен кеңесте мәлімдеді.

Ресей Ыстамбұл келісімдеріне қайта оралуға дайын – Путин Фото: gazeta.ru

Әзірге бұл мәлімдемеге қатысты Киев әлі ресми жауап қатқан жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Ресей, бұған дейін бірнеше рет айтылғандай, Украинамен бейбіт келіссөздер жүргізуге дайын. Бұл келіссөздер Ыстамбұлда қол жеткізілген және сол кезде украин делегациясы парафирлеген келісімдер негізінде өтуі мүмкін", – деді Ресей Федерациясының президенті.

Ыстамбұл келісімдері – 2022 жылдың наурызында Украина мен Ресей арасындағы келіссөздер барысында дайындалған құжаттар.

"Ыстамбұлда жасалған келісімдер, Анкориджде талқыланған шарттар, ең бастысы – жердегі жағдай және мен бірнеше жыл бұрын Сыртқы істер министрлігінде сөйлеген сөзімде айтқан қағидаттар негізінде әрекет ету керек", – деп қосты В.Путин.

Стамбұл келісімдеріне сәйкес, Ресей Украинадағы басып алынған шығыс өңірлерін "өзінікі" деп мойындауды талап етпеген – бұл мәселе кейін екі ел басшыларының келіссөздерінде шешілуі керек еді. 2022 жылдың наурыз айының соңында Ыстамбұлдағы келіссөздер тоқтап қалды. Мәскеу бұған Украинаны әрі қарай әскери қолдауға уәде берген Батыс елдерін айыптайды.

Ал Киев сол кезде жария болған Ресей әскерилерінің Киев облысындағы қатыгез әрекеттері туралы мәліметтерді келіссөздердің тоқтау себептерінің бірі ретінде атайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу