banner

Ресейде 2024 жылға қарай 25 мың электромобиль шығарылады

704

Көршілес елде электр қуатымен жүретін көліктердің сатылымы артып жатыр.  

Ресейде 2024 жылға қарай 25 мың электромобиль шығарылады

Ресейде 2024 жылға қарай 25 мың электромобиль шығарылады, деп хабарлайды Inbusiness.kz "Известия" газетіне сілтеме жасап. Ол уақытқа дейін қуаттау инфрақұрылымы, оның ішінде сутегі инфрақұрылымы салынады. 

Бұл елдегі электр және сутегі автокөліктерінің үлесі 2030 жылға қарай кем дегенде 10% болады, қуаттау станцияларының саны 72 мыңға, ал сутегі станцияларының саны 1 мыңға жетеді. 

Жоба бойынша, 2025 жылға қарай өздігінен жүретін автокөліктер Мәскеу-Санкт-Петербург М-11 тас жолындағы көліктердің 20%-ын құрайды. Бұл фактор жол апаттарының санын 8%-ға қысқартуға, жүк тасымалдарының өзіндік құнын 15%-ға арзандатуға, ал CO2 шығарындыларының көлемін 12%-ға азайтуға көмектеседі.

Ескере кететін жайт, қазір таңда Ресейде электрокар сатылымы артуда. "Автостат" дерегі бойынша, қаңтар және мамыр айлары аралығында 650 электрокар сатылған. Бұл өткен көрсеткішінен жеті есе көп. Мамыр айында сатылған көліктердің саны (148 көлік) он есе артқан. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу