banner

Ресейде 26 адам уланып қайтыс болды

1019

Тағы 28 адам зардап шеккен.

Ресейде 26 адам уланып қайтыс болды

Орынбор облысында 26 адам ішімдіктен уланып, көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "ТАСС" агенттігіне сілтеме жасап.

7 қазан түнде адамдардың ішімдікке уланғаны белгілі болған.

Өңірлік және ақпараттық саясат министрінің орынбасары Инна Аверкованың айтуынша, зардар шеккендер саны 54 адамға жеткен.

"Ауруханаға ауыр халде жеткізілгендер қайтыс болды. 26 адам көз жұмып, 28 науқас өлімнен аман қалды, тағы бір бөлігі стационарда ем қабылдап жатыр", – деді Инна Аверкова.

Бұл факт бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер мен полицейлер 600 литр спирті бар сұйықтықты тәркілеген. Олар ішімдік өндірілген қойманы анықтады.

Қазіргі таңда алкоголь өнімдерін заңсыз өндіріп, сақтаған және сатқан 6 адам ұсталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу