Ресейде адам ұрлағаны үшін іздеуде болған қылмыскер Нұр-Сұлтаннан ұсталды

540

Елорда полицейлері ТМД құқық қорғаушыларымен бірлесіп, 16-17 қыркүйек аралығында "Іздеу" кең көлемді шарасын өткізді.  

Ресейде адам ұрлағаны үшін іздеуде болған қылмыскер Нұр-Сұлтаннан ұсталды

Тәртіп сақшылары екі күннің ішінде 22 қылмыскерді ұстаған, соның ішінде жетеуі көрші елдер – Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанда іздеуде болған, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті..

Із-түссіз жоғалған 9 адамның жүрген жері анықталды.

Ресейдің Орынбор облысында адам ұрлағаны үшін іздеуде болған 33 жастағы қазақстандық азамат Нұр-Сұлтаннан ұсталған.

Ұсталған кезде ер адам жасалған қылмысқа қатысы жоқ екенін айтқан.

Алайда Ресейдегі әріптестерімен байланысқа шыққан қазақстандық тәртіп сақшылары олардан айғақ құжаттар алып, ер адамды қамауға алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу