Ресейде аралар қырылып жатыр

902

Ресей омарташыларының ұлттық қауымдастығы аралардың жаппай қырылуынан келген шығын көлемі 3 триллион рубль деп отыр.

Ресейде аралар қырылып жатыр

Ресейдің 30-дан астам аймағында аралардың жаппай қырылу дерегі тіркеліп, омарташылар дабыл қағып жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Төтенше жағдайдан бал шаруашылығымен бірге көптеген өсімдік пен дәнді-дақыл тозаңданбай, экологиялық апат туындауы мүмкін. Әзірге ел аумағы бойынша қанша ара қырылғаны беймәлім.

Мәліметтер әртүрлі. Ресей ауыл шаруашылығы министрлігі шығын аса көп емес – 3 пайыздай ғана десе, осы саладағы кәсіби одақтың бірі оның көлемі 20 пайыз екенін айтады. Ал Ресей омарташыларының ұлттық қауымдастығы аралардың жаппай қырылуынан келген шығын көлемі 3 триллион рубль деп отыр.

 "Аралардың жаппай қырылуы фермерлердің жерлерді өңдеу кезінде химиялық тыңайтқыштарды қадағалаусыз қолдануынан болған деп ойлаймын. Олар омарташыларды алдын ала ескертпейді. Кей шаруалар да өз қожалықтарын тіркемейтіндіктен, оларды құлағдар етіп отыру қиын. Меніңше, аралардың қырылуының басты себептері осы", – омарта шаруашылығының қожайыны Михаил Третьяков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу