Ресейде автомобиль өндірісі 80,6 пайызға төмендеді

750

Әлемдік автомобиль компаниялары Ресейден кетіп жатыр. 

Ресейде автомобиль өндірісі 80,6 пайызға төмендеді

Ресейдегі өнеркәсіптік өндіріс шілдеде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5 пайызға, ал автомобиль өндірісі 80,6 пайызға қысқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Росстат жариялаған мәліметке сәйкес, шілде айында елдегі өнеркәсіптік өндіріс осы жылдың маусым айымен салыстырғанда 1,8 пайызға өсті.

Росстат мамандары шілде айында Ресейде автомобиль өндірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 80,6 пайызға қысқарды.

Бұған көптеген әлемдік автомобиль компанияларының Ресей-Украина соғысына байланысты Ресейдегі қызметін тоқтата тұру туралы шешім себеп болып отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу