Ресейде бензиннің қымбаттауы Қазақстан нарығына әсер етпейді - Бозымбаев

905

Ресейде бензиннің қымбаттауы Қазақстан нарығына әсер етпейді - Бозымбаев

Ресейде бензин бағасының өсуі Қазақстан нарығына қалай әсер етуі мүмкін?! Бүгін еліміздің энергетика министрі осы сауалға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Atameken Business.

Қанат Бозымбаевтың пайымынша, Ресейде бензиннің бөлшек және көтерме бағаларының  өсуі біздің нарыққа әсер ете қоймайды. Себебі, елімізде ішкі сұраныстан 1,5 есе көп жанармай қоры бар. Осы тұрғыдан алғанда бағада  үнемі қандай да бір тепе-теңдік болады деді министр.

Сондай-ақ ол бұл отын түрінің қоры артқандықтан, зауыттар мен трейдерлер алдында бензинді өткізу қажеттілігі туындап отырғанын жеткізді. Оның үстіне отандық екі зауыттың жаңғыртудан өтуі елді жоғары октанды 92-ші және 95-ші маркалы бензинмен қажетті көлемде қамтуға мүмкіндік бермек.

"Төрт және бес айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықтың 90 пайызға жуығы қазақстандық бензиннің өндірісі есебінен, ал 10 пайызы ресейлік отын көлемімен қамтылды. Осы орайда ел ішінде бағаның қалыптасуына аталған екі фактор әсер етеді. Қазіргі кезде Ресейде бағаның өсуі біздің ішкі нарыққа айтарлықтай ықпал етіп тұрған жоқ. Яғни қазақстандық бензиннің көбірек ұсынылуы факторы елеулі әсер етуде. Өздеріңіз білесіздер, Қазмұнайгаз бензин құнын төмендеткен болатын. Қазмұнайгаз осы нарықта ірі ойыншы болғандықтан, қалғандары оның іс-қимылдарына қарайды. Егер олар бағаны көтерсе, бұл өз кезегінде сұраныстың артқанын білдірмейді. Сондықтан аталған екі фактор арасында қандай да бір тепе-теңдік болады", - дейді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу