Ресейде дәрі қоры таусылуы мүмкін

186

Мамандар санкция салдарынан қатты зардап шеккен фармацевтика саласында дағдарыс басталғанын айтады.   

Ресейде дәрі қоры таусылуы мүмкін Фото: rambler.ru

Көршілес елде логистиканың бұзылуынан қажетті техника, құрал-жабдық пен дәрі шығаруға шикізат жоқ, деп жазады inbusiness.kz сайты тәуелсіз дәріханалар қауымдастығының атқарушы директоры Виктория Пресняковаға сілтеме жасап.

Виктория Преснякованың айтуынша, бағасы қолжетімді дәріні сату фармацевтикалық компаниялар үшін тиімсіз. Өйткені логистика жоқ. Сондықтан арзан бағаға дәрі табу мүмкін емес. Қымбат препараттардың өзі 15-20, тіпті 30 пайызға қымбаттады. Бұл бағаны дәріханалар қоймайды, өндірушілер құнын шарықтатып жіберген.

Қазір әсіресе АИТВ (ВИЧ) және С гепатитін емдеуге арналған препарат тапшы. Сонымен қатар, дәріханалар көптеп жабылып жатыр. Өйткені мамандар тапшы. Қазір Ресей үкіметі пошташыларға дәрі сатуға рұқсат беру туралы мәселені қарастырып жатыр. Болжамға сәйкес, Ресейде қоймада сақталған дәрі қоры 9 айда таусылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу