Ресейде Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

222

Биволдың қазақтар мен қырғыздар туралы айтқан сөздері тексеріледі. 

Ресейде Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін Фото: baq.kz

Ресейдің Ішкі істер министрлігі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволға қатысты тексерісті бастап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Бұл туралы көршілес елдің ІІМ Азаматтық қоғам институттарымен және БАҚ-пен өзара іс-қимыл басқармасы мәлімдеді.

"Санкт-Петербург және Ленинград облысы бойынша Ресейдің ІІМ Бас басқармасы өтініште көрсетілген мән-жайға қатысты тиісті тексеріс жүргізіп жатыр", – деді тиісті басқарма басшысының орынбасары Евгений Артемов.

Қазанда Екатерина Бивол қазақтар мен қырғыздарды қорлаған бейнежазбаны әлеуметтік желіде жариялаған. Бұл оқиғадан кейін Екатерина Биволға қатысты Қазақстан мен Қырғызстанда іс қозғалды. 

Айта кету керек, бұған дейін ІІМ Екатерина Биволға қатысты іс бойынша Ресей полициясымен байланыс орнатқанын хабарлады.  Ведомство Бас прокуратура арқылы оны экстрадициялау мәселесін көтеретінін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу