Онда белгісіз ер адам көшедегі кішкентай қызды ұстап алып, тұрғын үйдің кіреберісіне күштеп сүйреп әкетуге тырысқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Абырой болғанда, баланың көмек сұрап айқайлауының арқасында оқиға қайғылы жағдаймен аяқталған жоқ.
Оқиға 2026 жылдың 24 қарашасында Клубная көшесінде болған. Оқиға сәті тұрғын үйдің домофон камерасына түсіп қалған.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, ер адам көшеде келе жатқан қызға жақындап, кенеттен оны ұстап алған. Содан кейін баланы күшпен үйдің кіреберісіне қарай сүйрей бастаған. Десе де, қыз бала айқайлап, көмек шақырып, ер адамның қолынан босап шыққан. Ол дереу қашып кеткен.
Бейнежазбада ер адамның баланы ұстап қалуға тырысқаны, ал қыздың қарсылық көрсетіп, босап шыққаны анық көрінеді. Одан кейін күдікті оқиға орнынан кетіп, өзі қызды алып кірмек болған подъезге кірген.
Оқиғадан кейін аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ресейлік БАҚ-тың жазуынша, сот күдіктіні екі ай мерзімге қамауға алу туралы шешім қабылдаған.
Қазіргі уақытта оқиғаның өзге де мән-жайлары туралы ақпарат нақтылануда.