Ресейде іздеуде жүрген күдікті Ақмола облысында ұсталды

84

Қазіргі уақытта осы факт бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. 

Ресейде іздеуде жүрген күдікті Ақмола облысында ұсталды Фото: gov.kz

Ақмола облысы полиция қызметкерлері 2024 жылдың қазан айынан бастап Ресей Федерациясында мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, өңірдің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасының аумағында да, көрші мемлекеттерде де қылмыс жасаған күдіктілерді ұстау бойынша шаралар жүргізіп келеді.

"Аршалы ауданында полицейлер 2024 жылдың қазан айынан бастап ресейлік әріптестері іздеген күдіктіні ұстады. 2024 жылы Қазақстан азаматы Ресей Федерациясының аумағында мас күйінде көлік жүргізіп, жол-көлік оқиғасын жасағаны анықталды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алайда күдікті жасырынып, Қазақстан аумағына оралған, ал Свердлов облысы ІІМ оны іздестірген", – делінген ПД хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу