Ресейде қазақстандық автобус жол апатына ұшырап, екі адам қаза тапты

138

Он адам медициналық мекемеге жеткізілген.

Ресейде қазақстандық автобус жол апатына ұшырап, екі адам қаза тапты Фото: РБК

Ресейдің Самара облысында жолаушылар мінген автобус жол апатына түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға 8 сәуір күні сағат түнгі 1:00 шамасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша Scania автобусының жүргізушісі қауіпсіз жылдамдықты сақтамай, Урал - Муханово тас жолының 26-шақырымында жолдан шығып, аударылып кеткен. Самара облысы жол қозғалысы қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясының мәліметінше, жол апатынан екі жолаушы қаза тауып, он адам медициналық мекемеге жеткізілген.

Анықталғандай, Scania автобусы Қазақстанда тіркелген, ол Нижний Новгородқа Өзбекстан азаматтарын тасымалдаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу