Ресейдегі Санкт-Петербургтің әскери сот қазақстандық студентті терроризмді ақтау ісі бойынша 2 жылға соттады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мемлекеттік айыптаушы Гарри Азарянға 3 жыл жалпы режимдегі түрме жазасын сұраса, адвокаты айыппұл салуды талап етті.
Тергеу нұсқасы бойынша Азарян билікті күшпен құлатуды ұсынған. Прокурор ауырлататын жағдай ретінде студенттің Ресейдің Украинадағы соғысқа байланысты мобилизация кезеңінде пікір білдіргенін атап өтті.
Гарри Азарян соңғы сөзінде кінәсін мойындап, өкініш білдірді. Ол қоғамға қайта оралып, пайдалы болғысы келетінін және радикалды әрекеттерге енді бармайтынын айтқан.
23 жастағы Гарри Азарян Қазақстаннан Санкт-Петербургке барып, Санкт-Петербург мемлекеттік университетін аяқтаған, кейін магистратураға түскен. 2025 жылдың мамырында ол "солшыл радикалды терроризм" ісі бойынша қамауға алынған. Тергеу оның "Жұмысшы билігі" ұйымының студенттік ұяшығында болғанын және бейресми жиналыстарда "революция, таптық өшпенділік, көшедегі күш" туралы сөйлегенін алға тартқан.