Ресейде келесі айдан бастап артық сим-карталар бұғатталады

225

Абоненттерге 1 қарашаға дейін уақыт берілді. 

Ресейде келесі айдан бастап артық сим-карталар бұғатталады Фото: Ведомости

Қарашадан бастап Ресейдегі байланыс операторлары артық SIM-карталарды бұғаттай алады. Бұл бір адамға тіркелген SIM-карта саны 20-дан асып кеткен жағдайда жүзеге асады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "РИА Новости" агенттігіне сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, тиісті талаптар былтыр қабылданған заңнамалық өзгерістерде көзделген. Енді байланыс операторлары осы жылдың 1 сәуіріне дейін ұялы байланыс қызметін пайдаланатындар туралы мәлімет пен олардың атына тіркелген нөмір санын тексеруге міндеттеледі. Қазіргі қолданыстағы нормалар бойынша жеке тұлға өз атына 20-дан артық нөмірді тіркей алмайды.

1 қарашаға дейін абоненттерге артық байланыс қызметі бар келісімшарттарды тоқтату ұсынылды. Бұл талап орындалмаған жағдайда байланыс операторлары тиісті нөмірлер бойынша байланыс қызметін көрсете алмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу