Ресейде Мемлекеттік дума сайлауында қай партия көш бастап тұр?

455

Орталық сайлау комиссиясы алдын ала мәліметтерді жариялады.  

Ресейде Мемлекеттік дума сайлауында қай партия көш бастап тұр? Фото: РИА Новости

Ресейде Мемлекеттік дума сайлауы аяқталды. Ресми мәліметтерге сәйкес, саяси науқанға сайлаушылардың 56,66%-ы қатысқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ресейлік басылымға сілтеме жасап. 

Орталық сайлау комиссиясы хаттамалардың 90,43%-ын өңдеді. Алдын ала деректерге сәйкес, "Біртұтас Ресей" партиясы 57,86% дауыс жинады. Бұл 2021 жылғы парламенттік сайлаудағы көрсеткіштен (49,82%) жоғары. Коммунистік партия – 13,84%, Ресейдің либералды-демократиялық партиясы – 8,90%, "Жаңа адамдар" партиясы 7,94% дауыс жинаған. "Әділетті Ресей" партиясы 4,95% дауыс алды, бірақ парламенттің төменгі палатасына өту үшін ол бес пайыздық межені еңсеруі тиіс.

Сонымен қатар "Біртұтас Ресей" кандидаттары 225 бірмандатты округтің 208-інде көш бастап тұр. Бұл партия конституциялық көпшілікке ие болуы әбден мүмкін, ол үшін оған 450 мандаттың 301-ден астамын алу қажет.

Мемлекеттік дума сайлауына барлығы 10 партия қатысқан.

Айта кету керек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинді тоғызыншы шақырылымдағы Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтағанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу