ҰҚШҰ Ресейде жаттығу өткізеді: Қорғаныс министрлігі әскери техникаларға қатысты мәлімдеме жасады

261

Шаралар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің жауынгерлік даярлық бойынша бекітілген жоспарына сәйкес жүргізіледі.  

ҰҚШҰ Ресейде жаттығу өткізеді: Қорғаныс министрлігі әскери техникаларға қатысты мәлімдеме жасады Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі осыған байланысты ведомоство өкілдері азаматтардан, БАҚ және әлеуметтік желі пайдаланушыларынан тексерілмеген ақпаратты таратпауды және ресми дереккөзде жарияланған мәліметтерге ғана сенуге шақырады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

24 қыркүйек – 3 қазан аралығында Ресей Федерациясының аумағында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) "Өзара іс-қимыл – 2026", "Іздеу-2026" және "Эшелон-2026" оқу-жаттығулары өтеді.

Оқу-жаттығуларға дайындық және оны өткізу кезеңінде, 21 қыркүйек – 5 қазан аралығында Қазақстан Республикасы аумағынан Мисящ стансасына дейін (Челябі облысы, Ресей) және кері қарай теміржол көлігімен әскери техника мен жеке құрамның жоспарлы қозғалысы жүзеге асырылады.

Оқу-жаттығулар барысында далалық сабақтар өткізіліп, оның аясында шеру дайындығы, бөлімшелерді басқару және қойылған міндеттерді орындау пысықталады.

"Азаматтардан, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен және әлеуметтік желі пайдаланушыларынан тексерілмеген ақпаратты таратпауды және ресми дереккөздерде жарияланған мәліметтерге ғана назарға алуды сұраймыз.

Жалған ақпаратты тарату және шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді жариялау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз", – деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу