Ресейде шіркеуге жасалған қарулы шабуылдан бес адам қаза тапты

723

Ресейде шіркеуге жасалған қарулы шабуылдан бес адам қаза тапты

Дағыстанның Кизляр қаласында шіркеуге қарулы шабуыл жасалды. Бес адам қаза тауып, бес адам жарақат алды деп хабарлайды ресейлік ҚазАқпарат.
"Келіп түскен мәліметке қарағанда, 5 адам қаза тапқан (оқ атқан адамды қоса алғанда), жарақат алған 5 адам Кизляр қалалық орталық ауруханасына жеткізілген. Онда Дағыстанның апаттар медицинасы орталығының мамандар бригадасы аттандырылды", - делінген ТАСС агенттігінің мәліметінде. 

Республиканың ІІМ мәліметінше, жарақат алғандардың арасында Ресей гвардиясының қызметкері де бар. 

Шабуыл жасаушы шіркеуге кіріп іштегілерге оқ жаудырған, сол жерде төрт адам қаза тауып, бесеуі жарақат алған. Оқ тигендердің жарақаты орташа ауыр деңгейде деп бағалануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу