Ресейде тапшылыққа байланысты жанармай сату шектелді

610

Әр жүргізушіге 10-20 литрден артық сатылмайды.  

Ресейде тапшылыққа байланысты жанармай сату шектелді Фото: ТАСС

Ресейдің бірқатар аймақтарында автокөлік жанармай құю стансалары жанармайды шектеулі көлемде сатып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты "Известия" басылымына сілтеме жасап.

Независимый топливный союз (НТС) президенті Павел Баженовтың айтуынша, 1 айдан астам уақыт бойы елдің әртүрлі өңірлерінде жанармай тапшылығы мен жеткізілімдердегі іркілістер туралы хабарламалар түсіп жатыр.

"Кейбір желілер жергілікті тапшылық жағдайында жұмысын жалғастырып отыр. Олар уақытша жабылып қалмас үшін әр келушіге 10-20 литрден артық жанармай бермеу жөнінде шектеу енгізуге мәжбүр болды", – дейді Павел Баженов.

Тапшылықтың туындау себебі – маусымдық сұраныстың артуы мен мұнай өңдеу зауыттарындағы жөндеу жұмыстарына байланысты өндірістің төмендеуі.

Экономист Лариса Циканованың айтуынша, қазан айында Ресейде жанармай бағасы тағы көтеріледі:

  • АИ-92 – 2-4%-ға қымбаттап, литрі 60-62 рубль болады.
  • АИ-95 – 3-5%-ға өсіп, литрі орта есеппен 65-68 рубльге жетеді.

Экономист мұнай өнімдерінің ішкі нарықта қымбаттауын, логистикалық шығындармен және экспорттың тартымдылығымен түсіндірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу