Ресейде төбелес болған вахталық кентте 4 мың қазақстандық жұмыс істейді – СІМ

407

3 адам тергеуге алынды.

Ресейде төбелес болған вахталық кентте 4 мың қазақстандық жұмыс істейді – СІМ Фото: ulysmedia.kz

Сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев Мәжіліс кулуарында Ресейдің Ленинград облысындағы Усть-Лугадағы вахталық кентте болған жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі бірнеше адам, оның ішінде Қазақстан азаматтары 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынғанын хабарлаған болатын. Тағы үш қазақстандыққа қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны бегілі болды. 

"Усть-Лугадағы вахталық кентте 4 мыңнан астам қазақстандық бар. Олар вахталық әдіспен жұмыс істейтіндіктен мәселе күрделеніп отыр.  Қазақстан азаматтары арасында медициналық көмекті қажет еткендер болмады. 3 адам тергеуге алынды", – деді Ержан Ашықбаев журналистердің сауалына берген жауабында.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда төбелестің неден шыққаны анықталып жатыр.

"Ресейдің құзырлы органдары оқиға болған жерде тергеу жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша тиісті ақпарат беріледі", – деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу