Ресейде төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы жоғалып кетті

766

Ведомствоның мәліметінше, бортта үш адамнан тұратын экипаж бар.

Ресейде төтенше жағдайлар министрлігінің  тікұшағы жоғалып кетті Фото: Aviation Explorer

Ресейде Төтенше жағдайлар министрлігінің Ми-8 тікұшағы Карелиядағы Онежское көлінің үстінде жоғалып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Онежское көлінің үстінде оқу-жаттығу ұшуы кезінде Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік-Батыс авиациялық-құтқару орталығының Ми-8 тікұшағы Карелия Республикасының Прионежский ауданындағы Деревянное елді мекені аймағында байланысқа шықпай қалды", - деп хабарлады министрліктен.

Бортта экипаждың үш мүшесі бар. Іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылды. Оқиға орнына әуе кемелері мен қарда жүретін көліктердегі құтқарушылар тобы барады.

"Бортында құтқарушылары бар Солтүстік-Батыс аэронавигация қызметінің АН-26 ұшағы ұшып шықты", - деп атап өтті министрліктен.

Mash Telegram арнасының кейінірек хабарлағанындай, жоғалған Ми-8 ұшағының сынықтары Деревянное ауылынан 10 шақырым жердегі Онежксое көлінен табылды. Оның фюзеляжының бір бөлігі іздестіру жұмыстарынан алыс емес жерде мұздан табылды. Іздеу жұмыстарын жалғастыру үшін сүңгуірлер жіберіледі.

Ми-8 тікұшағы 2004 жылдан бері Төтенше жағдайлар министрлігінің есебінде болған. Ұшақ капитаны Евсеев пен экипаж мүшелерінің тағдыры әзірге белгісіз. Алдын ала болжам бойынша, олардың барлығы қаза тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу