Ресейде WhatsApp-қа тыйым салынуы мүмкін

730

Мемлекеттік Дума және Федерация Кеңесінде WhatsApp-ты бұғаттау ұсынылды, деп жазады Inbusiness.kz.

Ресейде WhatsApp-қа тыйым салынуы мүмкін Фото: Известия

Оған мессенджердің Telegram-ға ұқсас арналар құру функциясын іске қосу туралы мәлімдемесі себеп болған.

"Егер WhatsApp шынымен де орыс тіліндегі ақпараттық арналарды іске қосса, бұл мессенджерге деген көзқарасты қайта қарау керек болады, тіпті, оны бұғаттауға дейін барған жөн", — деп жазды Мемлекеттік Думаның ақпараттық саясат комитетінің басшысы Александр Хинштейн бүгін өзінің Telegram-арнасында.

Депутат "бұл арналардың Ресейге қарсы ұстанымына күмән келтірудің қажет жоқ" деп атап өтті, өйткені мессенджер "Meta экстремистік компаниясына тиесілі".

Осыдан бірер күн бұрын Хинштейннің орынбасары Антон Горелкин де осыған ұқсас пікір білдірді. Ол өзінің Telegram-арнасында "егер экстремистік компанияның өнімі ақпаратты жаппай тарату бағытында функционалдығын кеңейте бастаса, оның Ресей Федерациясындағы қызметін қайта қарауға болады" дегенді алға тартты.

Бұрын Горелкин  Meta өнімдерін бұғаттау кезінде WhatsApp-қа ғана жеңілдік жасалғанын еске салды, өйткені мессенджер — ақпаратты орналастыру құралы емес, байланыс құралы.

Мемлекеттік Думаның ақпараттық саясат жөніндегі комитетінің ұстанымын Федерация Кеңесінің қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің басшысы Виктор Бондарев қолдады, ол WhatsApp-тың Ресейде жаңа функциямен жұмыс істеуін шектеу керегін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу