АИ-92 және АИ-95 маркалы бензин бағасы қазіргі уақытта 12 пайызға жоғарылаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сырттан импортталатын бензин құны да айтарлықтай көтерілді. Қазір Ресейге Үндістан, Беларусь елдерінен келетін жанармай көлемі көбейді. Дегенмен бұл ішкі нарықтағы сұранысты қанағаттандыра алмай отыр. Себебі, Ресейде күніне ішкі сұраныс 110 мың тоннадан асады.
Мамандардың айтуынша, жанармай тапшылығы алдағы жарты жылда толықтай шешілмейді. Өйткені елдегі мұнай өңдейтін 10 зауыттың 8-і істен шыққан. Оған қоса жаз мезгілінде ауылшаруашылығы саласына да отын ауадай қажет.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу