Ресейде Жеңіс парады әскери техникаларсыз өтеді

281

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.  

Ресейде Жеңіс парады әскери техникаларсыз өтеді Фото: news.ru

Биыл Ресейде Жеңіс күніне орай өтетін дәстүрлі әскери парад шектеулі форматта ұйымдастырылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

9 мамыр күні Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына арналған әскери парад өтеді. Алайда парадта бұрынғыдай әскери техникалар колоннасы болмайды. Мұндай шешім 2008 жылдан бері алғаш рет қабылданып отыр.

Сондай-ақ биыл парадқа әскери оқу орындарының тәрбиеленушілері – кадеттер, суворовшылар мен нахимовшылар қатыспайды. Ведомство бұл шектеулерді "қазіргі жедел жағдаймен" байланыстырған.

Парадтың жаяу бөлігінде Ресей Қарулы күштерінің жоғары әскери оқу орындарының курсанттары мен әртүрлі әскер түрлерінің әскери қызметшілері сап түзейді.

Ал авиациялық бөлім толықтай сақталады. Қызыл алаң үстінен ресейлік пилотаж топтарының ұшақтары ұшып өтеді.

Шара соңында Су-25 шабуылдаушы ұшақтары Мәскеу аспанын Ресей туының түстеріне бояйды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу