Ресейде Жириновский атындағы ұшақ пайда болады

386

"Аэрофлот" Мемлекеттік көлік лизингтік компаниясы арқылы қайталама нарықтан екі Boeing 737 ұшағын сатып алмақ.  

Ресейде Жириновский атындағы ұшақ пайда болады Фото: ТАСС

"Аэрофлот" компаниясы екі жаңа ұшағының біріне Владимир Жириновскийдің атын береді. Бұл туралы Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумында авиакомпанияның бас директоры Сергей Александровский айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.

"Дәстүрге сәйкес, біз олар үшін атау таңдадық. Ұшақтың бірі Владимир Вольфович Жириновскийдің есімімен, ал екіншісі белгілі ақын және РФ алғашқы Әділет министрі болған Державиннің есімімен (Габриэль Романович) аталады", - деді ол.

"Аэрофлот" Мемлекеттік көлік лизингтік компаниясы арқылы қайталама нарықтан екі Boeing 737 ұшағын сатып алмақ.  

Айта кетерлігі, "Аэрофлот" әуе компаниясы еліміздің Алматы, Қарағанды және Астана қалаларына тікелей рейстерді орындайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу