Ресейде ZOOM, TikTok пен Instagram аналогтары әзірленуде

796

Үкімет Tik Tok, Instagram және Zoom желілерінің ресейлік аналогтарын қарастырды.  

Ресейде ZOOM, TikTok пен Instagram аналогтары әзірленуде Фото: vedtver.ru

РБК мәліметтері бойынша, "коммуникациялық сервистер" бағыты бойынша индустриялық құзыреттілік орталығы шетелдік әлеуметтік желілер мен платформаларды алмастыру бойынша бірнеше жобаны мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Instagram-дағы ақпаратты - фотосуреттерді, хаттарды, жазылымдар мен жазылушыларды тасымалдау мүмкіндігі бар "Мотивационные решения" ЖШҚ-ның Looky әлеуметтік желісі - үкімет қарастырып, мақұлдаған жобалардың бірі.

Tik Тok аналогы ретінде Sunlight Play әлеуметтік желісінің жобасы "пайдалы әлеуметтік желі тұжырымдамасын іске асыру, жастармен жұмыс кезінде ақпараттық егемендікті қолдау алаңын құру" үшін мақұлданған.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айының басында Ресей премьер-Министрі Михаил Мишустин әртүрлі салалар бойынша барлығы 32 құзыреттіліктің индустриялық орталықтарын құруды тапсырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу