Ресейдегі Ил-76 апаты: қаза тапқан экипаж мүшелерінің бірі Өскеменнің тумасы болған

346

Қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанға ұшып келген.

Ресейдегі Ил-76 апаты: қаза тапқан экипаж мүшелерінің бірі Өскеменнің тумасы болған Фото: Видеодан скриншот

Ресейдің Белгород облысында Ил-76 ұшағы апатқа ұшырап, қаза тапқан штурман Өскеменнің тумасы екені белгілі болды. Ол қаңтар оқиғасы кезінде елге ұшып келген, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

24 қаңтарда Ресейдің Белгород облысында Ил-76 ұшағы апатқа ұшырады. Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бортта Украина қарулы күштерінің тұтқынға алынған 65 жауынгері, ұшақ экипажының алты мүшесі және сарбаздарды алып жүретін үш адам болған. Барлығы 74 адам болған, кейінірек Ресей қорғаныс министрлігі барлығы қаза тапқанын растады. РФ билігі апатты теракт деп атады.

Апатқа ұшыраған ұшақтың штурманы Өскемен қаласының тумасы Алексей Высокин болып шықты. Бұл туралы оның жұбайы Ольга Высокина RT арнасына берген сұхбатында айтты.

Марқұмның әйелінің айтуынша, Алексей Сириядағы ұрыс қимылдарының ардагері болған және қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанға ұшып келген.

"Күйеуім басқа ұшақта болды деп үміттендім, бірақ кейін апатқа ұшырағанын түсіндім, өйткені рейс алдында ол үнемі өзінің ұшып бара жатқанын және келгенін хабарлайтын еді. Мен бұған сенгім келмеді", – дейді Ольга.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу