Марқұмдар мердігер ұйымдарда еңбек еткен. Екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы. Бұл туралы inbusiness.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Северсталь" компаниясының мәліметінше, оқиға 14 қаңтарда болған. Екі ер азамат кәсіпорынның өнеркәсіптік алаңында табылды. Қазір олардың не себептен көз жұмғанын анықтау үшін оқиға орнында шұғыл және тергеу қызметтері жұмыс жүргізіп жатыр.
"Қаза болған қызметкерлердің туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз", – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің Вологда облысы бойынша Тергеу басқармасы оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатқанын растады.
Қазір қажетті тексеру шаралары жүргізіліп жатыр, олардың қорытындысы бойынша болған оқиғаға құқықтық баға беріледі.