Ресейден әкелінген күнбағыс тұқымынан қауіпті ауру табылды

381

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлім етті.

Ресейден әкелінген күнбағыс тұқымынан қауіпті ауру табылды Фото: АШМ

Ақмола облысы Ақкөл ауданының аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі мемлекеттік инспекторы карантиндік өнімнің залалданған күйде әкеліну фактісін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеру барысында Ресей Федерациясынан (Краснодар өлкесі, Краснодар қаласы) аудан аумағына 0,019 тонна көлемінде күнбағыс тұқымдары әкелінгені және олардың карантиндік объект – күнбағыс фомопсисімен залалданғаны анықталды.

Аталған карантиндік өнімнің иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Материалдар одан әрі қарау үшін сотқа жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу