Ресейден Қазақстанға гудрон жеткізу көлемі ұлғаяды

652

Уағдаласық битум өндірісін ұлғайту мақсатында жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресейден Қазақстанға гудрон жеткізу көлемі ұлғаяды

2022 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі және Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі арасындағы Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетуге тыйым салынған немесе шектеу қойылған мұнай өнімдерінің тізбесін және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан экспортқа тыйым салынған немесе шектеу қойылған мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы 2019 жылғы мамырдағы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы Хаттамаға қол қойды.

Хаттамаға қол қоюдың мақсаты Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына гудрон жеткізуге арналған квотаны жылына 430,0 мың тоннаға дейін ұлғайту, сондай-ақ "ЦЭНКИ" АҚ филиалы – "Оңтүстік" ғарыш орталығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін автомобиль бензиндерін жеткізуге арналған квотаны ұлғайту болып табылады. Қол жеткізілген уағдаластықтарды тараптар Хаттамаға қол қойылған күннен бастап қолданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу