Ресейден Қазақстанға зақымданған ағаш материалдарын әкелуге тосқауыл қойылды

332

Іс материалдарын қарау және тиісті процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.  

Ресейден Қазақстанға зақымданған ағаш материалдарын әкелуге тосқауыл қойылды Фото: gov.kz

Абай облысында Ресей Федерациясынан карантиндік ағаш материалының әкелінуіне тосқауыл қойылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық инспекциясының инспекторлары қауіпті карантиндік нысанмен залалданған ағаш өнімдерін өткізу әрекетінің жолын кесті.

Ресей Федерациясынан Семей қаласына әкелінген көлемі 58,2 текше метр қылқан жапырақты дөңгелек ағаш материалына (қарағайға) жүргізілген қайталама карантиндік фитосанитариялық тексеру барысында қарағайдың қара мұртты қоңызының (Monochamus galloprovincialis) дернәсілдері анықталды. Бұл – аса қауіпті карантиндік зиянкес.

Аталған құқық бұзушылыққа байланысты мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 400-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу кезінде карантиндік фитосанитариялық заңнама талаптарын сақтау міндетті екенін еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу