Ресейден көшіп кеткен адамдар саны екі есе өскен

817

Ресейліктер көбінесе Украина, Тәжікстан, Армения, Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстанға, сондай-ақ Қытай, Вьетнам мен Үндістанға кеткен.

Ресейден көшіп кеткен адамдар саны екі есе өскен

Жыл басынан бері Ресей шекарасынан 419 мың адам өзге елге шыққан. Бұл көрсеткіш Росстаттың мәліметтеріне сәйкес, 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда екі есе көп, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Назар аударарлығы, егер 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында Ресейде 114 мыңнан астам адамды құраған көші-қон өсімі тіркелген болса, осы жылдың алғашқы алты айында-ақ 97 мыңға жуық адам көрсеткішімен көші-қонның төмендеуі тіркелген.

2022 жылдың басында 368 мың адам Ресейден ТМД елдеріне кеткен болса, 294 мың адам Ресейге ТМД-дан кірді. Росстаттың айтуынша, алыс шет елдерге 50 мыңнан астам адам кеткен, олардың ішінде Ресейге қайтқандар саны -  27 мың адам. 

Осылайша, Ресей Федерациясынан кеткендер саны ТМД елдеріне эмигранттар есебінен және алыс шетелдерге кеткендер есебінен екі есе өскен. 

Сонымен қатар Росстаттың деректеріне сәйкес, жыл басынан бері Ресейдегі жалпы халық саны 480 мың 600 адамға немесе 0,33 пайызға азайды. Халықтың табиғи азаюы 384 мың адамды құрады, өткен жылы 422 мың адам болған. Бұл мәліметтерге аннексияланған Қырым халқы да кіреді.

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу