Ресейден тауық жұмыртқаларын заңсыз әкелмек болғандар анықталды

72

Тасымалдаушыға ветеринариялық-санитариялық нормалардың талаптары түсіндірілді.

Ресейден тауық жұмыртқаларын заңсыз әкелмек болғандар анықталды Фото: rbc.ru

Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринариялық-санитариялық талаптарының бұзылғаны туралы ақпаратты ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Сырым" ветеринариялық бақылау бекетінде Самар облысынан (РФ) Қызылорда облысына бағыт алған жүк көлігі тоқтатылды. Тексеру барысында көлікте 63 000 дана тауық жұмыртқасы тасымалданып келе жатқаны анықталды.

Құжаттық бақылау нәтижесінде ветеринариялық сүйемелдеу құжаттарында көрсетілген жүк жөнелтуші Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына жануарлардан алынатын өнімді жеткізуге рұқсаты бар ұйымдар тізіміне енбегені анықталды. Осыған байланысты жүк кері қайтарылды. Жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. 

Айта кетейік, 2025 жылдың басынан бері Қазақстанның ЕАЭО елдерімен шекарасында ветеринариялық-санитариялық инспекторлар 57 185 көлік құралын және шамамен 738 мың тонна мал шаруашылығы өнімін тексерді. Нәтижесінде 1 020 көлік кері қайтарылып, 397 әкімшілік хаттама рәсімделді. Айыппұлдардың жалпы сомасы 19,7 млн теңге.

Үшінші елдермен шекарадағы өткізу пункттерінде 21 654 автокөлік, 69 802 теміржол құрамы, 257 теңіз кемесі және 2 139 241,2 тонна мал өнімдері тексерілді. Нәтижесінде 24 автокөлік кері қайтарылып, 24 әкімшілік хаттама толтырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу