Ресейден тұмауға қарсы вакцинаның 130 мың дозасы сатып алынды

789

2020 жылдың қазақ айында қосымша 300 мың дана екпе жеткізілмек. 

Ресейден тұмауға қарсы вакцинаның 130 мың дозасы сатып алынды

Алматыда тұмау және ЖРВИ-ге қарсы екпе салуға байланысты брифингте Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров вакцинацинаны пандемия кезінде алудың ерекше маңыздылығын атап өтті.

"Биыл біз вакцина салдыруға жауапкершілікпен келіп отырмыз, себебі коронавирус пандемиясы кезінде өзге аурулар қабаттасып кетуі мүмкін. Осы жағдайды ескере отырып, алматылықтарды әріптестерімнің вакцина алуға шақыруына бей-жай қарамауларын, сол арқылы пандемия және маусымдық аурулар өршіген уақытта тұмаумен ауыруды бәсеңдетуге шақырамын. Сатып алынған вакцина бұрыннан жақсы танылған және халыққа бірінші жыл егіліп жатқан жоқ", — деді Камалжан Надыров.

Алматыда жергілікті бюджет қаражаты есебінен қауіп тобындағы адамдарға тегін вакцина салу үшін Ресейден 130 мың доза үшвалентті тұмауға қарсы "Гриппол Плюс" вакцинасы сатып алынды. 2020 жылдың қазақ айында қосымша 300 мың доза жеткізіледі деп күтілуде.

Айта кететіні, биылғы жылы Алматыда вакцинация пандемияға байланысты жыл сайынғы маусымынан ерте басталды және осы жылдың желтоқсанына дейін жалғасады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу